Не естисіз?
Өмір бойы орман-тоғайды мекен еткен орманшы бір кісі қаладағы досына қонаққа келеді. Екеуі қаланың орталық көшелерінің бірінде серуендеп жүргенде қонақ кенеттен:
«Мен бір жәндіктің даусын естіп тұрмын», - дейді.
Досы мырс етіп: «Қалайша? Не деп тұрсың? Мына у-шудың арасында жәндіктің дыбысын естіген құлағың да мықты екен!», - дейді.
Қонақ оған: «Иә, шынымен де естіп тұрмын. Қазір саған бірнәрсе көрсетемін», - дейді де, қалтасынан тиын шығарып, жерге тастайды. Қаланың тас жолына барып соғылған тиын сыңғыр еткен дыбыс шығарып, домалап барып тоқтайды. Сол мезетте, ары-бері сапырылысып өтіп жатқан жүргіншілердің біразы елең етіп, мойындарын бұрды. Көріністі байқаған әлгі қонақ: «Көрдің бе? Қандай құлақ тұндырар у-шу болса да адамдардың көңілі мен уайымындағы заттың даусы бәрінен жоғары тұрады. Даусы шықса болды, оны бірден ести алады. Ал мен әрдайым ағаштарыма уайымдаймын деп барлық жәндіктің даусын танып алғанмын», - деп сөзін аяқтайды.
Ал, сіз не естисіз?
Иә, сізді айтып тұрмын.
Жүрегіңіз сізге не дейді?
Бәрінен бұрын не нәрсеге мән бересіз?
Пенденің жүрегінде Жаратушыға жағайын деген уайым болмаса, Алланың иман жолына шақырған «даусын» өмір бойы «ести алмай» өтуі бек мүмкін!